Қазақстанға Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) президенті Моринари Ватанабэ мен Азия гимнастика ұйымының басшысы (AGU) Абдулрахман Аль-Шатри ресми іс-сапармен келді. Қүрметті қонақтарды Ақордада Қасымжомарт Тоқаев қабылдады. Кездесу барысында отандық гимнастика мен спортшылар туралы сөз қозғалып, қазақстандық атлеттердің әлемдік деігейде жақсы өнер көрсетіп жүргендері аталып өтті. Сондай ақ Алматыда құрылысы жүріп жатқан гимнастика сарайы туралы да айтылды. Болашақта ол ғимарат Орта Азиядағы ең ірі гимнастика аренасына айналмақ. Осындай жоғары деңгейдегі ресми тұлғалардың елімізге келуі отандық спортты, соның ішінде гимнастиканың дамыта түсуге әсерін тигізері сөзсіз.

